Алматыда заңсыз жүрген Африка азаматтары елдеріне қайтты

Алматыда заңсыз жүрген Африка азаматтары елдеріне қайтты
Сурет: Polisia.kz

ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталған Африка құрлығы елдерінің 15 азаматы елден шығарылды.

Мұндай мәліметті Алматының көші-қон қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Аталған шетелдіктер біздің елде болған кезінде халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзған, атап айтқанда, заңда белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан шықпай, сот қаулысымен мемлекетімізден шығару түріндегі әкімшілік жазаға тартылды. Ол бірнеше кезеңмен өтеді», – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.