Қазақстанда асыл тұқымды қойлар көрмесі өтті

Қазақстанда асыл тұқымды қойлар көрмесі өтті
Сурет: Turkystan.kz

Оған бес мемлекеттің шаруалары қатысты.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұйымдастыруымен «Етті-май бағытындағы халықаралық асыл тұқымды қойлар» көрмесі өтті, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Көрмеге Ресей, Молдова, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан елдерінен келген 100-ден аса қой өсіруші азаматтар және еліміздің 8 облысынан келген шаруалар қатысты.

Шара шеңберінде етті-майлы қой тұқымының «Ең ауыр салмақты», «Ең биігі» аталымдары бойынша байқаулар өтті. Нәтижесінде 45 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды.

Сонымен қатар, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті басшысы Ерлан Ілиясов үздік шаруаларды «Ауыл шаруашылығы үздігі», «Үздік қой өсіруші шаруашылық» және «Үздік асылдандырушы» төсбелгілерімен марапаттады.