Қазақ футболының аңызы Сейілда Байшақов өмірден өтті

Қазақ футболының аңызы Сейілда Байшақов өмірден өтті
Сурет: Рrosports.kz

Сейілда Байшақов – КСРО спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушысы.

73 жасына қараған шағында қазақ футболының аңызы, танымал футболшы, Қазақстан футбол федерациясының президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов өмірден озды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сейілда Байшақов ұзақ жылдар бойы алматылық "Қайраттың" капитаны болып, КСРО ұлттық құрамасында ойнады.

Сейілда Байшақовтың қазақ футболының дамуына қосқан үлесі зор. Ел футболы үшін аянбай еңбек етіп, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие берді.