Қайрат Құдайбергеннің қамаудағы мерзімі тағы ұзартылды

Қайрат Құдайбергеннің қамаудағы мерзімі тағы ұзартылды
Сурет: Вaq.kz

Ол қаңтар оқиғасы кезінде тұрғындарды жинады деген күдікпен тергеліп жатыр.

Қайрат Құдайберген биылғы 21 мамырға дейін қамауда отыратын болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 17 сәуірдегі ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Қ.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзартуын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Яғни 2023 жылдың 21 мамырына дейін", - делінген сот мәліметінде.

Айта кетейік, Қайрат Құдайберген ел арасында "Дикий Арман" атымен танымал Арман Жұмагелдиевпен бірге қаңтар оқиғасы кезінде тұрғындарды жинады деген күдікпен тергеліп жатыр.