Жетісу облысында сот ғимаратынан қызметкерлер шұғыл эвакуацияланды

Жетісу облысында сот ғимаратынан қызметкерлер шұғыл эвакуацияланды
Сурет: Ашық дереккөз

Сот ғимаратына бомба қойылды деген хабарлама 17 сот мекемесіне келген.

Жетісу облысындағы 17 сот ғимаратынан қызметкерлер бомба туралы ақпараттан кейін қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Сіздің ғимаратыңызға бомба қойылды» деген хабарлама электронды поштаға келді. Яғни, ондай хабарлама Алакөл, Кербұлақ, Талдықорған, Көксу сынды барлық жерге жіберілген. Тек, бір-екі сот мекемесіне ғана келмеген. Қазір барлық сот процесі тоқтап, қызметкерлер эвакуацияланып, мекемелерді тексеру жұмыстары жүргізілуде», - деді Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметінің өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров.

"Сот ғимаратына бомба қойылды" деген хабарлама 17 сот мекемесіне келген. Тексеру жұмыстары жалғасуда.