Жеңілдетілген автонесиелеу бойынша банктер өтінім қабылдамайды

Жеңілдетілген автонесиелеу бойынша банктер өтінім қабылдамайды
Сурет: Ашық дереккөз

Бұл бағдарлама жабылады деген сөз емес

Бағдарлама бойынша бөлінген 100 млрд теңге көлеміндегі қаражат игерілген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Өнеркәсіпті дамыту қорының мәліметінше, еліміздегі екінші деңгейлі банктер қаржыландыру лимитіне сәйкес өтінімдерді мақұлдаған. Бүгінде бағдарламаға қатысып жатқан банктердің ешқайсысы да өтінімді қабылдамайды.

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасын іске асыру мерзімі – 30 жыл. Осы жылдың екінші жартысында екінші деңгейлі банктерде қайтарымды қаражат есебінен жаңа өтінімдерді қаржыландыру мақсатында лимиттер босатылмақ.