Қай шаһар мәртебесінен айырылады?

Қай шаһар мәртебесінен айырылады?
Сурет: интернеттен

Еліміздегі 13 қаланың тұрғыны 10 мыңнан аз.

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов ел картасынан қай қалалар жойылып кетуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Қазақстанда 10 мыңнан аз адам тұратын 13 қала бар. Біз Шар, Қазалы және басқа да қалаларды айтып отырмыз. Тәртіп бір – мәслихат пен әкімдік тұрғындармен бірлесіп, қала тұрғындарының санына өзгерістер енгізу мәселесін шешуі керек", - деді вице-министр.

Бұдан бұрын ҚР Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Қазақстанда 30 мыңнан астам адам тұратын қанша ауыл барын айтқан болатын. Заңға сәйкес, оларға қала мәртебесі берілуі тиіс.