Катонқарағайда 2 турист мерт болды

Катонқарағайда 2 турист мерт болды
Cурет: ТЖД

Туристерді құтқару үшін МИ-8 тікұшағы жіберілді

ШҚО облысына қарасты Белуха тауында ресейлік 2 альпинист турист қайтыс болып, тағы 2 адам құтқарылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«23 маусым күні сағат 10:00 шамасында Катонқарағай ауданының құтқарушыларына Көккөл ауданындағы Белуха тауында 4 альпинист турист қар көшкінінің астында қалды деген хабар түсті. Апат салдарынан 2 адам қайтыс болды. Біреуі 1992 жылы, екіншісі 1988 жылы туған. Одан бөлек 1990 жылы туған Ресей Федерациясының азаматы зардап шеккен және 32 жастағы бір альпинист аман қалды», - делінген хабарламада.
Ақпаратта айтылғандай туристерді құтқару үшін МИ-8 тікұшағы жіберілген.
«Оқиға орнына келген тікұшақ 1 метр биіктікте қалықтап тұрды. Бұл сәтте құтқарушылар қаза болғандардың денесін бортқа тиеді. Ал жарақат алған ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді», - дейді ведомстводан.
Сондай-ақ, баспасөз қызметі тікұшақпен құтқару жұмысы 3000 метр биіктікте жүргізілгенін және әуе кемесі бірнеше рейс жасағанын хабарлап отыр.
Осы орайда өңірлік төтенше жағдайлар департаменті таудағы қауіпсіздік ережелерін еске салады:
- Маршрутқа шығар алдында ТЖ қызметінде тіркелу қажет. Мұнда сіз маршруттың ерекшеліктері, бақылау уақыты және байланыс сигналдары туралы барлық қажетті ақпаратты ала аласыз;
- Ыңғайлы киім мен аяқ киімді таңдауға байыпты болыңыз;
- Өзіңізбен бірге алып жүруіңіз керек заттардың ішінде: жылы заттар, ұялы телефон үшін қосымша қуат көздері, шам және от жағуға арналған құралдар болуы керек. Сондай-ақ, GPS навигаторын өзіңізбен бірге өткізген жөн.
Сапарда:
- Қозғалыс үшін ұзағырақ болса да, ең қауіпсіз маршрутты таңдау керек;
- Қозғалыс басталар алдында ықтимал қауіптерді мұқият бағалау, ауа-райы жағдайларын және кедергілердің ықтималдығын ескеру қажет;
- түрлі кенеттен болатын жаүдайларға дайын болу қажет және қауіп кезінде уақтылы сақтық шараларын қабылдау керек;
- Тек топпен қозғалу керек;
- Нашар көрінгенде (тұман) немесе тәуліктің қараңғы уақытында өтпеу керек;
- Қауіпті жартасты жерлерден өтпеңіз. Бос жатқан тастармен беткейлер мен ойықтарға өтпеңіз.