Қатар мен Сингапурдан инвестиция артпақ

Қатар мен Сингапурдан инвестиция артпақ
Сурет: ашық дереккөз

Елімізге Қатар мен Сингапурдан инвестиция ағыны артады.

Бүгін Сенатта осы екі мемлекетпен «Инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заңдар мақұлданды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Құжат екіжақтың тығыз экономикалық ынтымақтастығын арттырып, сондай-ақ кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру және екі мемлекеттің де әл-ауқатын жақсарту үшін қолайлы жағдайлар туғызады. Бүгінде бұл елдермен байланыс нығайып, экономиканың әртүрлі секторларында бірқатар маңызды жоба жүзеге асып жатыр. Мәселен биыл қатарлық компаниялар сомасы 1 млрд доллардан асатын 14 жобаны елімізде жүзеге асырмақ.