Алматыда ақпараттық интерактивті кітаптың тұсаукесері өтті

Алматыда ақпараттық интерактивті кітаптың тұсаукесері өтті
Сурет: Almaty.tv

Кітапта IT технологияның соңғы үлгілері қолданылған.

Алматыда «Орал қаласының тарихы» атты ақпараттық интерактивті кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап. 

Жиынға зиялы қауым өкілдері, жазушылар мен тарихшылар қатысты. Бұл туындыны шығарудағы мақсат – Орал қаласының тарихын, оның дамуы мен өркендеу жолдарын зерделеу. Еңбекте шаһардың қалыптасуының ежелгі кезеңінен бүгінге дейінгі мол мәліметтер енгізілген. Туындыда оқырманды қызықтыру үшін технологиялар ұтымды пайдаланылған. 

Бұл кітаптың ерекшелігі - IT технологияның соңғы үлгілері қолданылған. Цифрлық жағынан бұл кітаптың алғы сөзінен бастап ішіндегі Жайық қаласынан табылған жәдігерлерімізді 3D моделін электронды гаджеттер арқылы тамашалауға болады», – деді Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Қайырлиев.