Қазақстан ЕАЭО елдеріне экспортты арттырды

Қазақстан ЕАЭО елдеріне экспортты арттырды Сурет: Depositphotos.com

Импорт 21,1%-ға өсіп, 2,6 млрд АҚШ долларын құрады.


Қазақстан мен ЕАЭО елдері арасындағы тауар айналымы 2022 жылғы қаңтар-ақпанда өткен жылдың ұқсас деңгейіне қарағанда 22,8%-ға өсіп, 3,8 млрд АҚШ долл. Құрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұл ретте Қазақстанның экспорты 26,8%-ға артып, 1,2 млрд. АҚШ долларын құрады.



«Шетелге ыстықтай илектелген болаттан жасалған жазық илек, алюминий оксидтері мен гидроксидтері, өңделмеген мырыш, жалатылған болаттан жасалған жазық илек, бағалы металдардың кендері мен концентраттары, ферроқорытпалар сияқты тауарларды жеткізу ұлғайды», - делінген Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



2022 жылғы қаңтар-ақпанда ЕАЭО елдерінен Қазақстанға импорт 21,1%-ға өсіп, 2,6 млрд АҚШ долл. құрады.


ЕАЭО елдерінен импорттың өсуі бидай, мұнай өнімдері, қоспаланған болаттан жасалған жартылай фабрикаттар, күнбағыс тұқымдары, инсектицидтер, гербицидтер, этилен полимерлері сияқты тауарларды әкелудің ұлғаюымен негізделеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12