Каспий теңізінде жер сілкінісі болды

Каспий теңізінде жер сілкінісі болды
Сурет: интернеттен

Жер сілкінісінің ошағы 28 шақырым тереңдікте орналасқан.

Каспий теңізінде магнитудасы 3,0 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясының Cейсмологиялық қызмет орталығының жер сілкінісін зерттеу бюросы мәлім етті.

Жер сілкінісі 24 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 04:47-де Каспий теңізінде, «Сиязань» сейсмологиялық стансасынан шығысқа қарай 220 шақырым жерде тіркелген.