Елтаңбаның авторы 82 жасқа толды

Елтаңбаның авторы 82 жасқа толды
Сурет: интернеттен

Жандарбек Мәлібекұлы 1942 жылы 24 наурызда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Екпінді ауылында дүниеге келген.

Ташкент политехника институтының сәулет өнері факультетін тәмамдады. Жандарбек Мәлібекұлы Қазақстанның мемлекеттік рәміздері жобасының конкурсына 50 жасында қатысқан. Ол кезде рәміз авторы Өзбекстандағы Самарқандтың бас сәулетшісі болған.

1992 жылдың басында Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік рәміздерін дайындауға байқау жарияланған болатын. Осы байқауға көптеген талантты ақындар, сазгерлер, суретшілер мен сәулетшілер қатысты, олардың қатарында Ж.Мәлібеков те болған.

1992 жылғы сәуір айының соңында ол өз жобасын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің кеңсесіне тапсырады. Байқауға түскен 293 елтаңба нұсқаларынан Жандарбек Мәлібековтің жобасы жеңіп шыққан.