Елде құбылмалы ауа райы сақталады

Елде құбылмалы ауа райы сақталады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Наурыздың 25-і күнгі күн райы болжамы.

«Қазгидромет» РМККәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, бүгін Қазақстан аумағынан бұрынғыша атмосфера фронталды бөліктердің өтуіне байланысты күн құбылмалы болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ болып, солтүстікте жаяу бұрқасын соғады. Еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында күн негізінен ашық болады. Еліміз бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, жылдамдығы скундына 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін.