«Алматы-Екатеринбург» тасжолында жол апаты болды

«Алматы-Екатеринбург» тасжолында жол апаты болды
Сурет: ТЖМ

«Алматы-Екатеринбург» автожолының 794 шақырымында жеңіл автокөлік аударылды.

Бес ересек адамға және бір балаға шұғыл көмек көрсетілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жол апаты орнында зардап шеккендерге Қарағанды облысының Медициналық апаттар орталығының «Ақшатау» ТМҚК шұғыл әрекет ету бригадасы шұғыл көмек көрсетті.

«Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын орташа ауырлық дәрежесі ретінде бағалайды. Бір ересек адамға ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ, қалған науқастар Шет ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді», - делінген хабарламада.