Халықтың сенімін ақтаған партия

Халықтың сенімін ақтаған партия
almaty-akshamy.kz

ADAL партиясының AMANAT-қа қосылуы мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың партиямыздың төралығынан кетуі соңғы күндердің басты жаңалығына айналды.

ADAL-дың қосылуы AMANAT партиясының жетекші рөлін көрсетіп қана қоймай, электоралды әлеуетімізді күшейе түсетіні сөзсіз. Мысал ретінде 2021 жылы қаңтар айында өткен парламенттік сайлауда бұл партияның 3,57% дауыс жинағанын келтірсек болады. Бұдан бөлек, терезесі тең елдердегі жетекші партиялардың бірігуі - халықаралық тәжірибеде жиі кездесіп тұратын процес. Біздің партиямыздың тарихында да бұл жағдай орын алған.

Саяси жүйенің трансформациясы партияның трансформациясынан басталғаны бәрімізге белгілі. Жаңа партиялық жобалар ашылып, көшпелі қоғамдық қабылдаулар елді мекендерде өткізіліп, бағдарламалық құжаттарымызға да өзгерістер енгізілуде. Бұл модернизацияның тек бастамасы екені айқындалды. Кезекті трансформация өткен съезде Мемлекет басшысының партия төралығынан кету туралы шешімінде болды. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі жария еткен реформалар мен жаңа Қазақстан құру үшін өте маңызды қадам.

Өз кезегінде АМАNАТ партиясы халықтың сенімін ақтаған еліміздегі басты әрі жетекші саяси күш ретінде орныққан. Сондықтан Президенттің айналасындағы қоғамдық-саяси консолидация орталығы AMANAT болып қала бермек.