Қорғаныс министрі тағайындалды

Қорғаныс министрі тағайындалды
Сурет: Egemen.kz

Тағайындау: Мұрат Бектанов ҚР Қорғаныс министрі болып тағайындалды

Мұрат Кәрібайұлы Бектанов ҚР Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды. Ақорданың ресми сайтында Мемлекет басшысының Жарлығы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2021 жылғы 31 тамыз №649 өкімімен Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды. Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды.