Елдің бірнеше өңірінде өзендер тасуы мүмкін

Елдің бірнеше өңірінде өзендер тасуы мүмкін
Сурет: 24.kz

Ақтөбе, Ақмола, Батыс, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында жауын-шашын түсіп, күннің жылынуына байланысты өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Қазгидромет мамандары осылай деп ескертуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауып, бұрқасын болуы ықтимал. Қарағанды, Ұлытау облыстарында мол жауын-шашынның, еріген қар суының салдарынан елді мекендерді және жолдарды су басуы мүмкін. Қазір еліміз бойынша су тасқыны қаупінің алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.