Ұялы байланыс операторларына айыппұл салынды

Ұялы байланыс операторларына айыппұл салынды
Сурет: интернеттен

Айыппұл сапасыз қызмет үшін салынған.

Олар бюджетке 835 млн теңге айыппұл төледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі сапасыз қызмет көрсеткен ұялы байланыс операторларына қанша теңге айыппұл салынғанын жариялады.

«2019 жылы 51 тексеру жүргізіліп, 10,8 млн теңге сомасына айыппұл салынды. Ал 2020 жылы тексеру саны 93-ке жетті. Салынған айыппұл көлемі - 23,9 млн теңге», - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

Министрлік мәлім еткендей, 2021 жылдың қорытындысында 562 тексеру жүргізілді. Оның барысында 371 заң бұзушылық анықталды. Осыған орай ұялы байланыс операторлары 132 млн теңге айыппұл төлеуге мәжбүр болды. 2022 жылы тексеру саны еселеп артты. 1 175 тексерудің нәтижесінде операторларға 1 млрд 670 млн теңге айыппұл салынды. Дегенмен ұялы операторларға жеңілдіктер беріліп, олар бюджетке 835 млн теңге айыппұл төледі.