Қараша қалай басталмақ?

Қараша қалай басталмақ?
Сурет: Іnterfax.by

Синоптиктердің болжамынша, күздің соңғы айы салқын болатын түрі бар.

Синоптиктер Алматы қаласындағы бір апталық ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Дүйсенбі, 1 қараша, көшпелі бұлт шығады, күндіз +10, түнде +5
Сейсенбі, 2 қараша, бұлтты, күндіз +12, түнде +5
Сәрсенбі, 3 қараша, көшпелі бұлт шығады, күндіз +11, түнде +5
Бейсенбі, 4 қараша, қар, күндіз -5, түнде -9
Жұма, 5 қараша, күн ашық, күндіз -7, түнде -8
Сенбі, 6 қараша, күн ашық, күндіз -2, түнде -2
Жексенбі, 7 қараша, күн ашық, күндіз +5, түнде 0

«Қазан айының басым бөлігі Қазақстанда жылы болды. Бірақ күздің соңғы айында тіпті оңтүстік өңірлер де нағыз күзгі ауа райын сезінеді.  Демалыс күндері солтүстік-батыс циклоны солтүстіктің салқын ауа массаларымен қоректенетін Қазақстан аумағына әсер етеді. Жауын-шашын мен қар  жауады. Жел күшейеді, солтүстік өңірлерде қарлы боран мен көктайғақ құбылыстары, сондай-ақ ауа температурасының төмендеуі байқалады», — делінген хабарламада.