Қазақстан семсерлесуден алғаш рет төрт жолдама алды

Қазақстан семсерлесуден алғаш рет төрт жолдама алды
Сурет: Туризм және спорт министрлігі

Турнирге Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай мен Эльмир Әлімжанов қатысты.

Грузияның Тбилиси қаласында семсерлесуден өтіп жатқан Әлем кубогының шешуші кезеңінде сапы жаттығуы бойынша Қазақстан ерлер құрамасы Олимпиаданың жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Командалық жолдаманың арқасында үш спортшымыз бірден жеке сайыста да Олимпиада жүлдесіне таласады. Бұл 1/8 финалда Оңтүстік Корея спортшыларының Чехиядан жеңілгеніне байланысты мүмкін болды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпы рейтингте ТОП-4 мемлекеттің қатарына кіріп, тікелей лицензия бұйырды.

Бұған дейінгі Олимпиадаларда 1996 жылы 1/16 финалда Вячеслав Григорьев, 2012 жылы 1/16 финалда Дмитрий Алексанин, 1/8 финалда Эльмир Әлімжанов, 2016 жылы 1/16 финалда Илья Мокрецов, 2021 жылы 1/8 финалда Руслан Құрбанов өнер көрсеткен болатын.