Қасымхан Бегмановқа мектеп аты берілді

Қасымхан Бегмановқа мектеп аты берілді
Сурет: Facebook.com

Бұл туралы Айдар Сейдазым ФБ парақшасында жариялаған.

Түркістан облысы Сауран ауданына қарасты Шаға ауылында Қасымхан Бегманов атындағы мектеп-гимназия ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Бүгін Түркістан облысы Сауран ауданына қарасты Шаға ауылында қазақтың көрнекті ақыны, "Алаш"  халықаралық әдеби сыйлығының иегері,  ҚР жазушылар одағының басқарма төрағасының орынбасары, Түркістан, Кентау қаласы мен Сауран ауданының  құрметті азаматы Қасымхан Бегманов атындағы мектеп-гимназиясының ашылу салтанаты өтті. Құтты болсын дейміз, осы мектептен талантты ұл-қыздар шыға берсін!» деп жазған жазба иесі парақшасына.