Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барады
Сурет: Akorda.kz

17-18 қазан күндері Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барады

Бейжіңде Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен келіссөз жүргізеді, сондай-ақ жоғары деңгейдегі «Бір белдеу, бір жол» бастамасының III форумына қатысады.

Сонымен қатар сапар аясында Қытайдың ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізу жоспарланып отыр.