Қарт құрлықтың 17% кеуіп қалудың алдында тұр

Қарт құрлықтың 17% кеуіп қалудың алдында тұр
Суреттер: Qazaqstan.tv

Еуропада соңғы 500 жылда болмаған қуаңшылық салдарынан өзен-көлдер кеуіп, жасыл желек қурап барады.

«Қарт құрлықтың 17 пайызы кеуіп қалудың алдында тұр», – дейді мамандар.

Қазір Италия, Испания, Португалия, Франция, Германия, Нидерланд, Бельгия, Венгрия, Румыния, жалпы Еуропа аумағының 47 пайызы қуаңшылықтың зардабын тартып отырған көрінеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап. 

Швейцария мен Францияның шекарасындағы Брене өзені суалған. Бұрын оның тереңдігі 18 метр болатын. Басқа да өзендерде судың тартылуы кемелердің жүрісін қиындатты. Балықтар қырылып жатыр. Өсімдіктер, ағаштар, егін қурап барады.

Шаруалар биыл су тапшылығы, аптап ыстықтың кесірінен жүгері мен күнбағыстан алынатын өнім 15-20 пайызға азаяды деп дабыл қағуда. Әдетте күннің көзіне зәру болатын британдықтар мен бельгиялықтар енді жаңбыр құйса деп тілеп отыр.

Алайда Еуропалық комиссияның ғалымдары Жерорта теңізінің Батыс бөлігінде ауа райы қарашаға дейін құрғақ, жылы болады деп болжап отыр.