Кадеттер арасындағы таэквондодан Азия чемпионатының алғашқы күнінде Қазақстан жеті медаль жеңіп алды

Кадеттер арасындағы таэквондодан Азия чемпионатының алғашқы күнінде Қазақстан жеті медаль жеңіп алды
Сурет: Olympic.kz

Вьетнам Хошимин қаласында өтіп жатқан турнирде Мырзағали Сұрановтың шәкірттері үш алтын, үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық Олимпиада комиетіне сілтеме жасап. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

І орын - Нұрперзент Саматұлы, 33 келі

І орын - Дастан Нәжімханов, 49 келі

І орын - Ярина Пуганцова, 29 келі

ІІ орын - Нұрай Амангелді, 37 келі

ІІ орын - Дарын Зейнеш, 57келі

ІІ орын - Теміржан Тасқын, 41 келі

ІІІ орын - Жұмабек Нұрайым, 44 келі

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстаннан кадеттер арасындағы Азия біріншілігіне 20 таэквондошы аттанды.