Қазақстандық дизайнер Париждегі сән апталығына қатысты

Қазақстандық дизайнер Париждегі сән апталығына қатысты
Сурет: 24.kz

Франция астанасы мен Еуропаның басқа да елдерінің шоурумдарында қазақстандық киімдер пайда болуы мүмкін

Парижде өткен сән апталығында дизайнер Айдана Омарова «Бақыт түстері» деп аталатын топтамасымен ел намысын қорғады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап. 

Осы сала кәсіпқойларының айтуынша, Айдана өз топтамасында көлемді киім, неон түстері, ерекше пішін секілді сәннің бүкіл трендін барынша қолданған. «Осы подиумда ұсынылған киімдер алдағы күз бен қыс маусымдарына арналған», – дейді әлемдік дизайнерлер.

«Киімдердің Еуропада және өзге елдерде де өзіндік орны бар деп санаймын. Бұл бренд бірнеше мәдениетті біріктіреді, себебі әр адам мұнда өзіне жарасатын заттарды таба алады», - дейді «Posture» агенттігінің негізін қалаушы, стилист Кеина.

«Дәл қазір дизайнердің инстаграмын қарап отырмын. Жұмысы керемет, өзі де өте дарынды екен. Өзге елдердің дизайнерлері жетістікке жету үшін Парижге келетініне ризамын», - дейді радиожүргізуші Марсела Сантамария.