Алматыда азаматтарға жоқ пәтерді жалға берген алаяқ ұсталды

Алматыда азаматтарға жоқ пәтерді жалға берген алаяқ ұсталды Сурет: Polisia.kz

Алаяқ бірнеше адамды сан соқтырып үлгерген.


48 жастағы ер адам 9 азаматты алдаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап



«А. есімді азамат Алматыда жоқ пәтерлерді жалға берген. Алаяқтық туралы шаһардың бірнеше тұрғыны полицияға хабарласқаннан кейін белгілі болды. Барлығының оқиғасы бірдей. Пәтер жалдауға тырысқан олар танымал интернет-сервистен хабарландыруларды іздеді. Нарықтағы бағадан төмен бағаны көріп, хабарландыруға телефон соқты. “Үй иесінің” бірден-бір шарты алдын ала төлем беру немесе тұру үшін толық соманы төлеу болды. Клиенттердің көптігін және пәтерге бірінші болып ақша төлеген адамға берілетіндігін айтып өз әрекеттерін негіздеді. Кәсіпкер азамат ақшаны алғаннан кейін бірден байланысқа шығуын тоқтатып, ұялы телефон нөмірін ауыстырған», – дейді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.



Алматы қаласы Криминалдық полиция басқармасы мен Алмалы аудандық Полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінің қызметкерлерімен күдікті қамауға алынды. Алмалы аудандық полиция басқармасында алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Іс жүргізу барысында оның осыған ұқсас 9 эпизодқа қатысы бар екендігі анықталды. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 530 мың теңгені құрайды.



«Тергеу кезеңінде ұсталған адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қосымша тергеу шаралары жүргізілуде», – деді Қуатбек Науатов.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26