Бір тәулікте 10 899 алматылық екпе салдырған

Бір тәулікте 10 899 алматылық екпе салдырған
Сурет: Vademec.ru

Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 1 шілде аралығында қалада вакцинаның толық дозасын 302 257 адам алды.


Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, вакцина алғандардың ішінде 81 202 адамның жасы 60-тан асқан,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«1 шілдеде 10 899 алматылық вакцина салдырды. Қалада 208 пункт жұмыс істеп тұр. 1 256 адамнан тұратын 307 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды. Қазіргі кезде медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да екпе салу пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.