Қаракөл көлінде аққулар қырылып қалды

Қаракөл көлінде аққулар қырылып қалды
Сурет: Маңғыстау облыстық Экология департаменті

Маңғыстау облысындағы Қаракөл көлінде қырылған аққулардың саны екі жүзден асты. Өңірлік Экология департаментінің мәліметіне сәйкес өлген аққулардан құс тұмауының вирусы табылған. 

21 желтоқсаннан бері қорық инспекторлары қырылған 132 аққуды тапты. Ал 2 қаңтардағы жағдай бойынша өлген аққулар саны 227 болды. Оның ішінде 132 аққудың өлексесі жойылды, тағы 95 аққу 3 қаңтарда ветеринариялық заңнамада белгіленген тәртіп бойынша жойылады», - деді Экология департаментінің баспасөз қызметі.

Өткен жылдың 21 желтоқсанында Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері Қаракөл көлінде күзет іс-шараларын өткізу кезінде 30 аққу-шипунның өлімі фактісін анықтаған болатын.

Аталған дерек бойынша бойынша қорық және облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары Маңғыстау облысының Экология департаменті, АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің ветеринария жөніндегі Ұлттық орталығының қызметкерлерімен бірлесіп тиісті зертханалық зерттеу жүргізу үшін сынамалар алды.