Бразилияда кофе өндірісі қысқарды

Бразилияда кофе өндірісі қысқарды
Cурет: 24.kz

Жанармай мен кофе дәндері де қымбаттап жатыр

Бұған елдің әр түкпіріндегі қуаңшылық пен үскірік басты себеп болып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. 

Оның үстіне, Украинадағы жағдайға байланысты Ресей мен Беларустан тыңайтқыш келмей жатыр. Бразилия билігінің мәліметі бойынша, арабика сортының экспорты былтырғы жылмен салыстырғанда 15 процентке төмендеген. Бұдан басқа, жанармай мен кофе дәндері де қымбаттап жатыр. Елдің Ауыл шаруашылығы министрлігі нағыз қиындық екінші жартыжылдықта басталуы мүмкін деп қауіптенеді. 

«Нарықта химиялық тыңайтқыштардың болмауы бізді қатты алаңдатып отыр. Алдын ала жинаған қорымыз таусылуға жақын. Қазір кофе жидектерінің қауызы мен сөндірілмеген әктасты қолданып жатырмыз»,-дейді кофе плантациясының менеджері Терра Убион.