Маусымдық аллергиямен қалай күресу керек?

Маусымдық аллергиямен қалай күресу керек?
Cурет: Ашық дереккөз

Аллергиямен күресу үшін гипоаллергенді диетаны ұстану керек

Көктемде кейбір адамдарда поллиноз немесе маусымдық аллергиялық риноконьюнктивит болатынын аллерголог-иммунолог Наталья Гарскова Прайм агенттігіне айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Дәрігер ауру мұрынның бітелуі, түшкіру, көздің ауыруы, қызаруы сияқты белгілерден көрінетінін айтады. Сондай-ақ мұндай жағдайда өзіңізді емдеумен айналыспай, аллергологқа жүгіну керегін ескертеді.

«Кейде пациенттер дененің гүлденуге тән реакциясын қарапайым суықпен шатастырады және уақытты жоғалтып, өздігінен емделеді. Бұл дұрыс емес және қауіпті. Өйткені асқынған аллергияның жиі кездесетін серіктерінің бірі – бронх демікпесі. Аллергиямен күресу үшін гипоаллергенді диетаны ұстану керек, тозаң аллергендерінен тосқауыл болатын құралдарды қолданып, сақтану керек. Сонымен қатар дәрігер тағайындаған дәрі-дәрмектерді қабылдау керек», – деді Гарскова.