Қарағандыда көліктің доңғалағы шығарылады

Қарағандыда көліктің доңғалағы шығарылады
Сурет: интернеттен

Ең қызығы, әр шинаның бүйірінде жылқының басы бейнеленеді.

РИА Новости-дің ақпаратына сай, Қарағанды облысында Attar брендімен көлік доңғалағы шығарылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Татнефть" 2024 жылы Қазақстанда және экспортқа сату үшін Attar брендімен шина шығара бастайды, деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметі.

Көлік доңғалағы Қарағандының Саран қаласында шығарылады.

"Attar қазақ тілінен аударғанда "жылқы" сөзін білдіреді. Attar – Қазақстандағы шиналардың жаңа бренді. Өнімдерді Сарандағы "Татнефть" шина дивизионының кәсіпорны шығарады. Бұл өнім Қазақстан аумағында сатылады және экспортталады", -делінген "Татнефть" хабарламасында.

"Жылқыны түркі халықтарының мәдениеті мен тарихынан ажыратуға болмайды, бренд әлемнің көптеген тілінде үйлесімді естіледі", - дейді компания мамандары.

"Татнефть" зауыты Саран қаласында алдағы айларда сериялық өнім шығаруды бастайды. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 3 миллион жеңіл шина және 500 мың жүк шинасын шығаруға жетеді.

"Татнефть"- Ресейдегі ең ірі мұнай компанияларының бірі, бас кеңсесі Татарстанда орналасқан. Ол негізінен Татарстанда мұнай мен газ өндіреді және "Танеко" мұнай өңдеу зауыттарының кешенін басқарады.