Қарағанды облысында екі бала терезеден құлап кетті

Қарағанды облысында екі бала терезеден құлап кетті
Cурет: Ашық дереккөз

Зардап шеккен бала жан сақтау бөліміне түсті

Оқыс оқиғаның бірі Қарағанды қаласында, екіншісі Саранда орын алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағандыда төрт жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Instagram-дағы «Патриот Караганды» парақшасы.
Зардап шеккен бала жан сақтау бөліміне түсті. Оның көптеген жері сынғаны анықталды, соның ішінде аяғы, басы, ішкі органдардың зақымдануы да бар. Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр.

Екінші оқиға Саран қаласында орын алды. Үш жасар бала Горняк ықшам ауданындағы екінші қабаттың терезесінен құлап кетті.

«Зардап шеккен 2019 жылғы бала облыстық балалар ауруханасына келіп түсті. Бала анасымен бірге, жіті бақылауымызда»,-делінген Қарағандыдағы облыстық балалар ауруханасының хабарламасында.