Қонаевта синтетикалық есірткі жасаумен айналысқан күдіктілер ұсталды

Қонаевта синтетикалық есірткі жасаумен айналысқан күдіктілер ұсталды Сурет: Egemen.kz

Тінту барысында үш ер адам ұсталды.


Ұсталғандардың бірі Алматы қаласының, қалған екеуі Іле ауданының тұрғыны екені белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Олар Қонаев қаласынан бес шақырым жерде қоршалған аумақта ешкім тұрмайтын екі үйде жасырын есірткі зертханасын ұйымдастырған.


Аталған жерде мефедрон өндіретін арнайы қондырғылар орнатылғаны анықталды. Тексеру барысында көптеген пластикалық ыдыс пен ұнтақ тәрізді зат және арнайы өлшегіш құралдар табылды.


Табылған заттар арасынан 52,82 грамм ұнтақтың зертханалық тексеру барысында мефедрон екені анықталды. Сондай-ақ 2 тоннаға жуық химиялық сұйықтық тәркіленді.



«ҚР ҚК 297 бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің бірі қамауға алынып, қалған екеуінен міндетті келу туралы қолхат алынды», - делінген Алматы облыстық полиция департаментінің ақпаратында.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38

14:28

14:01

13:17

13:14

13:09

13:02

12:51