Қар, көктайғақ, жел

Қар, көктайғақ, жел
Сурет: ашық дереккөз

Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 6 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Қазақстанның басым бөлігіне атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (көбінесе қар) жауады, батыста, солтүстікте, орталықта бұрқасынмен қар жауады.

Тек еліміздің оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел болады.