Канелоның қарсыласы кім?

Канелоның қарсыласы кім?
Сурет: Getty Images

Мамыр айында ол кезекті жекпе-жегін өткізеді

Кәсіпқой бокстан супер орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес (60-2-2) келесі жекпе-жегіне қатысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Бұған дейін мексикалық боксшы өз жерлесі Хайме Мунгиямен (43-0) жұдырықтасады деген болжам айтылған болатын. Алайда, Альварестің өзі бұл жорамалды жоққа шығарды. Ол келесі жекпе-жегі америкалық боксшымен болатынын айтып отыр.

Инсайдерлер Альварестің келесі қарсыласы Джермалл Чарло (33-0) болатынын жазуда. Дегенмен, «Канело» командасы қарсыластың аты-жөнін айтпады.

Еске салайық, Чарлоны қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы да жекпе-жекке шақырып жүр. Алайда, америкалық боксшы бұл шақыртуға жауап қатқан жоқ.