Студенттердің құпия деректері қалай қолды болды?

Студенттердің құпия деректері қалай қолды болды?
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті алдын ала ішкі тексеру жүргізгені хабарланды. 

ҚазҰУ құқықтық және құжаттамалық қамтамасыз ету департаментінде ЖОО студенттерінің дербес деректерінің әлеуметтік желіде тарап кетуіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

«6 ақпанда университетке медициналық қызмет көрсететін Smart Health University City ЖШС медбикесі Whatsapp мессенджері арқылы флюорографиялық зерттеуден өтуін қамтамасыз ету үшін Механика-математика факультетінің 3-4 курс студенттерінің тізімі бар Excell форматындағы құжаттарды осы факультет деканатының маманы Ж.Смағұловаға жіберген», - деп хабарлады ЖОО департаменті.

Алайда, Whatsapp  арқылы жіберілген құжаттарда студенттердің тегі мен аты-жөнінен басқа, медициналық құпияға жататын мәліметтер де болған. 

«Кейіннен мессенджерлерге  арқылы университет студенттеріне қатысты дәрігерлік құпия болып табылатын дербес деректер мен мәліметтер тарап кеткен. Осы факт бойынша 14 ақпанда университетте қызметтік тексеру басталды және Алматы прокуратурасына осы факт бойынша прокурорлық қадағалау шарасын қабылдап, студенттердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуді сұрап өтініш жолданды», - деп хабарлады университетте. 

Қазір ҚазҰУ Smart Health University City ЖШС-мен шартты бұзу туралы мәселені қарастыруда.