Алдағы мереке күндері дәрі қобдишасында қандай дәрі-дәрмек болғаны жөн?

Алдағы мереке күндері дәрі қобдишасында қандай дәрі-дәрмек болғаны жөн?
Сурет: Kp.ru

Мамандар: Мамырдағы мерекелер кезінде кейбір дәрілік препараттардың өздеріңізбен бірге болғаны жөн 

Терапевт-дәрігер Алексей Хухрев мереке күндері дәрі сақтайтын қорапта регидратацияға арналған препарат, антигистаминді және улану кезінде көмектесетін дәрі-дәрімектер, сонымен қатар, белсендірілген көмір болуы керек деген кеңес берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рен-тв сайтына сілтеме жасап. 

Оның пікірінше, регидратацияға арналған препараттар улану кезінде, құсу немесе диарея кезінде көмектеседі. Сонымен қатар, оның айтуынша, тамақтан уланып қалған кезде адам электролиттерін азайтады.  

"Адам әлсіреп, бұлшық еттері ауырып, көзі тұманданып, іші бұрайды. Осының бәрі құсу немесе іші кету кезінде адамның электролиттерін жоғалтудан болады, оларды қайта қалпына келтіру керек болады", - деп түсіндірді дәрігер. 

Сонымен бірге, міндетті түрде болуы тиіс дәрілер қатарында антигистаминді препараттар да болса, артық болмайды. Бұл препараттар шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа мен жәндіктер шағып алған жағдайда аллергиялық реакция туындаған кезде көмектеседі. Ауырсынуды басатын препараттар, белсендірілген көмір, жараны таңатын пластырь, дәкелер, бриллиант жасылы (зеленка) және күйікке қарсы дәрілік препараттар міндетті түрде болуы керек деп санайды. Алексей Хухрев ауыру және спазм кезінде көмектесетін спазмолитик пен жоғары температураны басатын дәрілерді де алып жүруге кеңес берді.