Қандастарды қазақ тілінің жағдайы толғандырып отыр

Қандастарды қазақ тілінің жағдайы толғандырып отыр
Cурет: Aikyn.kz

Нақтырақ айтқанда, Волгоградтағы қандастарымыз ана тілін үйрететін маман тапшы деп отыр. 

Волгоград облысында 40 мыңға жуық қазақ тұрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Олар ұлттық құндылықтарды ерекше қастерлейді. Арнайы үйірмелерде қолөнер шеберлері дәріс береді. Алайда қандастарымызды толғандыратын басты мәселенің бірі – ана тілін дәріптеу. Әсіресе, жастарға үйретуге ден қойсақ, - дейді. Олар ғаламтор арқылы онлайн сабақтар ұйымдастырудың жолын қарастырмақ. Бірақ, маман тапшы.

«Көптеген азаматтар балаларының ана тілін білгенін қалайды. Бірақ деңгейі сай келетін мұғалім жоқ. Қазір тек бір адам ғана қазақ тілін үйретіп жүр. Сонымен қатар кітап жетіспейді. Осы мәселелер шешілсе, қазақ тілін үйренушілер артатын еді», - дейді Волгоград облысының тұрғыны Жарасхан Жалмұхамбетов.