Қанат Мусин Қазақстанның Әділет министрі лауазымынан босатылды

Қанат Мусин Қазақстанның Әділет министрі лауазымынан босатылды
Сурет: Kapital.kz

Президент Жарлығымен қызметтен кетті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен  Қанат Мусин Әділет министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Сергейұлы Мусин Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап»,- делінген құжатта.

Қанат Мусин Конституциялық Соттың судьясы болды. 30 желтоқсанда Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Конституциялық Соттың судьялары тағайындалды. 

«Конституцияға сәйкес, Парламенттің әр палатасы Конституциялық Соттың үш судьясын қызметке тағайындайды. Олар өз қызметіне 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап кіріседі», - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Осы орайда ҚР Конституциясының 58-бабы 3-тармағының 7)-тармақшасына сәйкес, ҚР Конституциялық Сотының судьясы лауазымына Қанат Сергейұлы Мусинді, Еркін Әнуарұлы Оңғарбаевты және Сергей Федорович Ударцевті тағайындау туралы Парламент Мәжілісі Төрағасының ұсынысы енгізілді. Палата депутаттары аталған адамдарды Конституциялық Соттың судьясы қызметіне тағайындау туралы ұсынысты қолдады.