Қаламыздағы екі маршруттың жүру жолы уақытша өзгертіледі

Қаламыздағы екі маршруттың жүру жолы уақытша өзгертіледі
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Өзгеріс апатты жағдайдағы ағаштарды алып тастауға байланысты.

"Нұр-Алатау" шағынауданында апаттық ағаштарды алу бойынша жұмыстарды жүргізуге байланысты №30, №116 маршруттарының жүру сызбалары уақытша өзгертіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

№ 30 маршрут «Алматыэлектротранс» ЖШС

«Алатау УСҚ» соңғы аялдамасына қарай бағыт алғанда, Байкенов көшесі бойынша тікелей Қожакеев көшесіне жүріп, одан әрі «УСҚ Алатау» соңғы аялдамасына дейін барады да, кері қарай бұрылып, сызба бойынша жүреді.

№ 116 «АлматыТрансАвто» ЖШС

Қожакеев көшесі -  Токжайлау көшесіне - Қонаев көшесі - Өтегенов көшесі - Әбілқайыр хан көшесі - Қазыбек Тауасарұлы көшесіне бұрылады да әрі қарай сызбасы бойынша жүреді.

Кері бағытта Қазыбек Тауасарұлы көшесі - Әбілқайыр хан көшесі - Өтегенов көшесі - Қонаев көшесі - Тоқжайлау көшесі - Қожакеев көшесі әрі қарай  өз бағыты бойынша жүре береді.