Қазақстанның барлық аумағында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның барлық аумағында дауылды ескерту жарияланды Сурет: Kaztag.kz

Таулы аудандарында тұман күтіледі. 


6 қаңтарда Қазақстанның барлық аумағында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне cілтеме жасап. 



«2023 жылдың 06-08 қаңтар аралығында аралас жауын-шашынның болжанады. Соған байланысты Түркістан, Жамбыл облыстарының таулы аудандарында баурайлық ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі», – делінген хабарда. 



Астанда тұман, көктайғақ күтіледі.


6 қаңтарда Абай облысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, орталығында қар жауады. Бұрқасын борап, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Семей қаласында 6 қаңтарда негізіне қар жауып, бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с.


Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында қар жауады деп болжануда. Бұрқасын борап, көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Өскеменде 6 қаңтарда қар жауып, бұрқасын борайды, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с.


Атырау облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні өңірдің солтүстік-батысында, солтүстігінде 15-20 м/с дейін жетеді.


Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болып, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с болады. Қарағанды қаласында 6 қаңтарда жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады.


Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстікте, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында 6 қаңтарда түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.


Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Ақтөбе қаласында 6 қаңтарда күндіз көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 16 м/с болады.


6 қаңтарда түнде Маңғыстау облысының шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қаласында 6 қаңтарда солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.


6 қаңтарда түнде Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.


Павлодар облысында бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде көктайғақ, облыстың солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Павлодар қаласында 6 қаңтарда көктайғақ, түнде және таңертең бұрқасын күтіледі.


Ақмола облысының басым бөлігінде көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.


6 қантарда түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын, шығысында тұман болады.


6 қаңтарда күндіз солтүстікте, орталықта, таулы аудандарында Жетісу облысының көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с.


Таңертең және күндіз 6 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді. Тараз қаласында 6 қаңтарда кей уақытта тұман түседі. Оңтүстік-батыстан екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с жел соғады.


6 қаңтарда таңертең және күндіз Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні таулы аудандарда 15-20 м/с болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:53

12:42

12:24

12:22

12:09

11:53

11:50

10:26

10:14

10:02

09:47

09:45

09:37

09:05

08:37

08:09

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40