Қала құрылыстарына жаңа стандарттар енгізіледі

Қала құрылыстарына жаңа стандарттар енгізіледі
Сурет: Tengrinews.kz

2021 жылы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында кешенді қала құрылысының жаңа стандарттарын әзірлеуді тапсырған болатын.

Халықаралық тәжірибені ескере отырып, кешенді қала құрылысының жаңа стандарттары енгізілетін болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Стандарт бос учаскелерде жаңа құрылыс кешендерін салу, бар құрылысты қайта құру және қала аумағын абаттандыру мәселелерін қамтиды.

Құрылыс үрдісі тұрғындардың қауіпсіздігі мен денсаулығы сияқты қағидаларды ескере отырып, жүзеге асырылатын болады.

Бас және егжей-тегжейлі жоспарларды сапалы әзірлеуді, сонымен бірге оларды іске асыруды қамтамасыз ету үшін барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына бірыңғай қала құрылысы сараптамасын енгізу жоспарланып отыр.

Бірыңғай қала құрылысы сараптамасын енгізу сапалы жоспарлауды, бастапқы материалдарды кешенді тексеруді, қала жобаларын әзірлеу және келісу талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Адамдар – инфрақұрылымға» қағидатын сақтай отырып, "Агломерацияларды дамыту туралы" заңды және кешенді қала құрылысының жаңа стандарттарын әзірлеуді тапсырған болатын. Бұл - ең алдымен, қала құрылысына, қала құрылысы сараптамасы институтына, құрылыс саласында online-есепке алу мен тіркеуге жаңа стандарттарды енгізу.