Кәсіпкерлер су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесіп жатыр

Кәсіпкерлер су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесіп жатыр
Сурет видеодан алынды

Алматыдағы Түрксіб ауданының кәсіпкерлері су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесіп жатыр, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы Түрксіб ауданының кәсіпкерлері су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге кезекті гуманитарлық көмек жіберді.

Ауданның кәсіпкерлері, оның ішінде «Қазферросталь» ЖШС, «Алматы қаласының халықаралық әуежайы» АҚ, «ҚазГеоСинтетика СҮ» ЖШС Батыс Қазақстан облысының Орал қаласына ірі гуманитарлық жүк жіберді. 

  • Бұл 5 тонна немесе 25 мың шаршы метр геотекстиль (гидрооқшаулағыш материал), су жинағыш құрылысы мен бөгет салу кезінде қолданылады.
  • Бір апта бұрын азық-түлік, бірінші кезекте қажетті заттар, киім-кешек және т.б. заттарды «Түрксіб жәрмеңкесі» «Жетісу Семиречье» және «Үміт» базарлары су тасқынынан зардап шеккендерге батыс өңірлерге жөнелткен болатын.
  • Гидрооқшаулағыш материалдың шұғыл қажеттілігін ескере отырып, Түрксіб ауданының әкімдігі авиациялық тасымалдауға көмек көрсетеді. 

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының әкімдігі Орал қаласына қызмет көрсететін персоналы бар арнайы мақсаттағы машиналарды жөнелткен.