Альпі тауларында мұздықтар опырылып, 15 адам із-түзсіз кетті

Альпі тауларында мұздықтар опырылып, 15 адам із-түзсіз кетті
сурет: Inform.kz

Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр

Доломит Альпілерінде мұздықтардың еруінен қаза тапқандар саны алты адамға жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат агенттігі сілтеме жасап.
Euronews ақпарат агенттігінің мәліметінше, 9 адам зардап шекті. Жоғалған 15 адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. 3500 метр биіктікте құтқару жұмысы жүріп жатыр. Қайғылы оқиға Тренто провинциясында, Апеннин түбегінің ең үлкен мұздығы Мармоладада болған. Екі топ альпинист тау басына көтеріліп жатқан кезде мұз, қар және тастың алып бөлігі 300 км/сағ жылдамдықпен опырылып құлаған. Италиялық БАҚ хабарлауынша, олардың арасында шетелдіктер де болуы мүмкін. Премьер-министр Марио Драги қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Мұз массасының опырылуы мұздықтың жоғарғы жағында Цельсий бойынша +10 градус температура рекорды тіркелгеннен кейін келесі күні орын алды. Құтқарушылар жаңа құлау қаупі бар екенін ескертіп отыр. Экологтардың айтуынша, соңғы жиырма жылда мұздықтың ауданы үштен бірге қысқарған.