Исламиада: Қазақстанда үш «алтын»

Исламиада: Қазақстанда үш «алтын»
сурет: Media.az

Додаға 55 елден спортшылар қатысуда

Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында ел құрамасы қоржынына тағы үш алтын медаль түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Бүгінгі ойындарда қазақстандықтар спорттың бірнеше түрінен өнер көрсетті.
Кикбоксингте 63,5 келіде сынға түскен Батырхан Қуандықов жеңіс тұғырына көтерілді. Ол финалда өзбекстандық қарсыласын қапы қалдырып кетті.
Сондай-ақ аталған жарыс түрінен Әлихан Оздоев (67 келі), Марат Өсіпов (71 келі) алтыннан алқа тақты.
Ал спорттық гимнастикадан қыздар командалық есепте үшінші орынға табан тіреді.
Ислам ынтымақтастығы ойындары 2005 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Биыл бесінші мәрте жалауын желбіретті.
Биылғы додаға 55 елден спортшылар келді. Ойындар 8 тамызда басталған, 18 тамызда аяқталады.