Ислам ынтымақтастығы ойындары: Эльжана Танеева көркем гимнастикадан алтын медаль жеңіп алды

Ислам ынтымақтастығы ойындары: Эльжана Танеева көркем гимнастикадан алтын медаль жеңіп алды
Сурет: Olympic.kz

Қазақстандық гимнаст Эльжана Танеева Түркиядағы Ислам ынтымақтастығы ойындарының алтын медалін жеңіп алды.

Спортшы доппен жаттығуда жеңіске жетті. Сонымен қатар, Танеева шеңбермен және таспамен жаттығуларда үшінші болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық Олимпиада комиетіне сілтеме жасап. 

Командалық көпсайыста Эльжана Танеева мен Айбота Ертайқызы командалық көпсайыста "қоламен" марапатталды.