Іле Алатау ұлттық паркінде от жаққандар әкімшілік жауапқа тартылды

Іле Алатау ұлттық паркінде от жаққандар әкімшілік жауапқа тартылды
Сурет: Elorda.info

Әкімшілік жаза бес адамға қолданылған. 

Қалалық ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, Алматы тауларында 180-нен астам бірлескен рейд жүргізілді. Оның барысында демалушыларға 50 мыңнан астам жадынама таратылды. Сонымен қатар ерекше қорғалатын аймақтарда өрт жағудың 117 фактісінің жолы кесілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«ҚР ӘҚБК 505-бабы бойынша 112 адам ескерту түрінде, осы бап бойынша қайталап өрт қауіпсіздігін бұзуға жол берген 2 адам жалпы сомасы 76 575 теңге айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, ҚР ӘҚБК 367-бабы бойынша жалпы сомасы 459 450 теңге айыппұл түрінде – 3 адам әкімшілік жазаға тартылды»,- деп хабарлады ведомстводан.

Қалалық ТЖД мамандары таулы жерде шылым шегіп, от жақпауға кеңес береді.

Айта кетейік, Іле Алатау ұлттық паркінде ыстық тамақ дайындау үшін арнайы жабдықталған 14 орын, Алма-арасан шатқалының аумағында -12 орын, «Бутаковкада» 2 орын бар.