Қазақстандық теннисшілер Аргентинадағы жарыстың ширек финалына жолдама алды

Қазақстандық теннисшілер Аргентинадағы жарыстың ширек финалына жолдама алды
Сурет: Ашық дереккөз

Қазақстандықтар Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сында Буэнос-Айрес (Аргентина) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық жұп алғашқы айналымда аустриялықтар Александр Эрлер – Лукас Мидлермен шеберлік байқасты.

А.Голубев пен А.Недовесов екі партияда 6:4, 6:4 есебімен басымдылық танытты.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған матч барысында қазақстандық дуэт 3 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді. Аустриялықтар 1 эйспен ғана шектелді.

Қазақстандықтардың ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.