Алматыда 45 жыл бойы тізесіне кірген инемен жүрген әйелге ота жасалды

Алматыда 45 жыл бойы тізесіне кірген инемен жүрген әйелге ота жасалды Сурет: Inform.kz

 Орталық қалалық клиникалық ауруханаға 45 жыл бұрын оң аяғының тізе буынына тігін машинасының инесі кіріп кеткен әйел түсті.


Әйелдің айтуынша, бала күнінде жарақаттанған. Сол кезде инені алып тастау үшін операция жасалған, бірақ ине табылмаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Осы жылдар ішінде ине мазамды алған жоқ, биыл ғана қатты ауырып, күннен-күнге асқына түсті. Ақсаңдап жүре бастадым. Сондықтан, стационарға жүгіндім. Маған рентген жасап, операция жасау қажет екені айтылды», - деді ол.



Аурухана травматологтары инені алып тастау бойынша жарты сағатқа созылған операция жасады. Операциядан соң әйел ақсаңдап жүруін қойды әрі ауруы басылды.


Операцияны жасаған травматолог Дәулет Чукмановтың айтуынша, көп жылдар ішінде ине инкапсуляцияланған.



«Операция сәтті өтті, ине алынып тасталды», - деді ол. Өз кезегінде әйел дәрігерлерге кәсібилігі үшін алғысын білдірді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12